Жаңарған қоныс, жасалған көп іс

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Аудан тынысы. Пікірлер: 0

Халық емшісі,Батыр ана Дәметкен Серікбайқызының Саздыдағы ата-бабаларының мекеніне қоныстанғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық шара Ақкөл селосы маңында өткен Аламан бәйгеден бастау алды. Бәйге десе арқаланып кететін қазақ емеспіз бе, мұнда халық көп жиналыпты. Жер тарпып тыпыршыған аттарды тізімге енгізіп, әрқайсысына нөмірлерін беріп аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Махмуд Жанханов пен бас маманы Салауат Ниғметов жүр. Жалғасы »

Балабақшада қосымша екі топ ашылды

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Аудан тынысы. Пікірлер: 0

“Берсең – балаға бер” деп текке айтылмаған. Бала – ел ертеңі. Сол ертеңіміз жарқын болуы үшін бүгін оларға көңіл бөлінуі керек. Елімізде бұл бағытта біраз істер атқарылып жатыр. Жыл сайын жаңа мектептер, балабақшалар, мектепке дейінгі тәрбие орындары қанат жайып келеді. Олардың қатары біздің ауданда да толыға түсуде. Аудан басшылары алыстағы айға қол созбай-ақ қолда барды ұқсатуға жұмыстануда. Оның нәтижесі де жоқ емес… Жалғасы »

Жарқын болашаққа – салауатты өмір cалтымен

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Қазақстан - 2030. Пікірлер: 0

«Бүгінде «Саламатты Қазақстан -2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда» Жолдаудан
Адам баласы ауру-сырқаудан аққұла азат етіліп, жүз пайыз қорғалмаған. «Мені ешбір сырқатың ала алмайды» деп жер басып жүрген пенденің ешқайсысы да айта алмайтыны сондықтан. Рас, біздің бәріміз инкубатордан шыққан сарауыз шөжелер сияқты емеспіз. Жалғасы »

Өз тіліңді құрметте

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Ана тілім - арым. Пікірлер: 0

“Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет”.
Елбасымыздың биылғы Жолдауынан. Жалғасы »

Шежіреге толы сандықтай еді…

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Руханият. Пікірлер: 0

Бүгінгі күні “Серпер” газеті арқылы бір серпіліп қалуды жөн көрдік. Оның басты себебі Ұлы Отан соғысының ардагері – әкеміз Муса Досжанұлы. Әкеміздің жасы келіп, “Төрінен гөрі көрі жақын”(Өзі осылай дейтін) екенін білсек те, анамыздың артынан екі ай салмай, ақыл-есін жоймай, төсек тартып жатпай, жүрегі бір сәтте тоқтап қалатынын кім білген.
Енді Жеңістің 67 жылдығын көруді тағдыр әкемізге жазбапты. Мерекеде сағынышпен еске аламыз. Әрине, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ оның қантөгіс екені бәрімізге белгілі. Жалғасы »

Отбасы жайлы ой-толғамдар

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Түрлі тақырып. Пікірлер: 0

Отбасының тұтастығы, бала санының көбеюі, халық денсаулығының жақсара түсуі, шыр етіп жер бесікке бөленген әр сәбидің өсіп кетуі Қазақстан деген жер жаһан көз қадаған Тәуелсіз мемлекеттің өзгелермен тең қатар өркендеп, өмір сүруіне сенімді негіз болып қаланары белгілі. Сол үшін де Елбасымыз «Отбасы және демография» деген мәселені өзінің сарабдал саясатының басты бөлігіне санап, қолдан келген мүмкіндіктердің баршасын да алдымен осыған орайластыруда. Жалғасы »

«Қазақстанның жұлдызды емшісі»

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Түрлі тақырып. Пікірлер: 0

Мұрадым Қарабаев өз дінімізді, аталар дәстүрін, салауаттылықты уағыздаумен көп көңілінен шығуда
Орда бұзар отызынан жаңа асқан ол еліміз бойынша ең беделді халық емшілері сапынан лайықты орын алуда. Өткен әзірде ауданға келген сапарында жұртшылықпен кездесулер өткізіп, сырқаттарды қабылдап, өз дініміздің өзге діндерден бәйтеректей биіктігін, тұма бұлақтай тазалығын дәлелдеп бақты. Жалғасы »

Күрес ымырасыз болсын

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Жаңалықтар. Пікірлер: 0

Мемлекеттік қызметкерлердің адамгершілік қасиеттері мен іскерлік тазалығын арттыру мақсатында 2005 жылы Елбасының Жарлығымен халықаралық стандарттарға толықтай жауап беретін Ар-намыс кодексі қабылданды. Аталған кодекске Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі №1180 Жарлығымен өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, біздің Елбасының тікелей саяси ерік-жігерінің арқасында және Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарының атсалысуымен елімізде жемқорлыққа қарсы күрестің толыққанды жүйесі құрылды. Жалғасы »

Пәтер тонап, пәлеге қалды

Жарияланған уақыты: 18 Мам 2012. Айдары: Адам. Заман. Қоғам. Пікірлер: 0

2011 жылдың тамыз айының 15 күні сағат 17.30-дар шамасында Бисенов Дәурен Ержанұлы арақ ішкен мас күйінде, ұрлық, яғни бөтен мүлікті қоймаға заңсыз кірумен жасырын ұрлау мақсатында Ганюшкин селосы, ПМК-5 мекенінің Жолмұханов көшесі №3 үйінің тұрғыны Азатова Макиданың жаңадан салынып жатырған гаражына, есігіне көлденең байлаған ағаштан секіру арқылы ішіне заңсыз кіріп, оның ішінде тұрған ақ түсті «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігінің алдыңғы жолаушы жақ терезесіне қолын тығып ашып, ішіне кіріп, әрқайсысы 675 теңге тұратын, жалпы құны 3375 теңгені құрайтын 5 (бес) дана «Ларк» темекісін, әрқайсысы 850 теңге тұратын, жалпы құны 4250 теңге құрайтын 5 (бес) дана Бонд темекісін, әрқайсысы 150 теңге тұратын, жалпы құны 900 теңге құрайтын алты дана «Кувшин» шырынын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кетіп, жәбірленуші М.Азатоваға 11900 теңгенің материалдық залалын келтірген. Жалғасы »

Өшпейді мәңгі Ұлы Жеңіс алауы

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Руханият. Пікірлер: 0

Өмір керуені тынымсыз жылжуда. Саябыр таппай ілгерілеп барады. Уақыт мәңгілік қозғалысынан тынбай, тізбегін ұзарта түсуде. Адамдар өмірі ғана өлшеулі. Жұмыр жердегі теріп жер несібесі таусылғандар мәңгілік сапарларына аттанып жатады. Бұдан 67 жыл бұрын кенеттен соққан бұрқасындай жолындағыны жайпай қиратқан қанды қасап соғысқа 7 мыңның үстінде жерлестеріміз аттанып кетсе, солардың 4 мыңнан астамы ғана аман-есен елге оралған екен. Жалғасы »

“Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран”

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Жаңалықтар. Пікірлер: 0

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдық мерекесіне арналған мәдени-сазды бағдарлама осылай аталды. Салтанатты шара шымылдығы дуэттің орындауындағы “Туған жер” әнімен ашылды. Жиналған көпшілікті аудан әкімі Аманжан Тәкешев құттықтап, мерекенің мәні мен маңызына тереңірек тоқтала келе: – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғалы бері құрылған әрбір салаға 20 жыл толуда. Жалғасы »

Майдангерлер жүректерде мәңгілік!

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Руханият. Пікірлер: 0

Аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында «Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел іс-шарасы басталмас бұрын бөлім меңгерушісі Болатбек Шурин ауданның бір топ ардагер ұстаздарын қабылдап, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу мерекесімен және сәрсенбі күні тойланғалы отырған Жеңіс күнімен құттықтады. Жалғасы »

Ауданымыз рейтингіде І орында

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Аудан тынысы. Пікірлер: 0

Биылғы жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша біздің аудан рейтингіде І орынға қол жеткізді.
Жалпы рейтингілеуде Қазақстанның барлық облыс орталықтарымен бірге аудандар да бағаланады.
Рейтингілеуге дамудың 20 нүктесі бойынша балл берілді. І-ші тоқсан бойынша ұйымдастырылған жазғы демалысқа қамтылған оқушылар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне түскен түлектер және жоғары оқу орындарына түскен түлектер рейтингілеуге алынған жоқ. Жалғасы »

Құрманғазым өсіп, көркейе берсін

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Аудан тынысы. Пікірлер: 0

Құрманғазы – менің туған жерім, өскен елім, еңбегімді сіңіріп, із қалдырған өскелең өлкем. Халқымның көтеріңкі көңілмен келешегіне үлкен сеніммен қарап, еселі еңбек етіп жатырғанына мен қатты қуаныштымын.
Құрманғазы елі ата дәстүрінен зиялы, мәдениеті жоғары, ынтымағы зор, бірлігі мол айбынды ел екені ежелден мәлім. Елімнің ұрпағы жақсылық пен жаңалыққа тез бет бұратын, бастаған ісін тез аяқтауға тырысатын ұстамды, ұлағатты, жеңімпаз тұлғалар екеніне мен өзім шынайы сенімдімін. Жалғасы »

Ұрпағы ерлігін ұран еткен

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Жаңалықтар. Пікірлер: 0

Ұлы Отан соғысының қазақ халқына тигізген қайғы-қасіреті қаншама. Ол салған жара еш жазылмайды. Отан үшін от кешкен адамдардың ерлігі мәңгі алаудай әр ұрпақтың жүрегінде лаулап тұрады
Биыл зұлмат соғыстың аяқталғанына 67 жыл толды. Ардагерлер қатары ат төбеліндей ғана қалды. Көбі келместің кемесіне мініп, арамыздан алысқа аттанып кетті. Олардың ішінде атамыз Марданов Уахит та бар. Атамыз 1916 жылы 20 тамызда Нұржау аудандық советінде дүниеге келген. Жалғасы »

Еділден Эльбаға дейінгі жорық жолы

Жарияланған уақыты: 12 Мам 2012. Айдары: Жаңалықтар. Пікірлер: 0

Өз мұрағатымда жарты ғасырдан астам мезгіл жинақталған «деректер мен керектер» сақталмай ұмыт болып бара жатырған мәліметтер аз емес. Сарғыш тартқан қағаздарымды асықпай парақтасам, арасынан ойымда жоқ бір деректер жарқ етеді. Ғимыран Жұмабеков ағамыздың жауынгерлік жолы жайлы 1975 жылдың 26 сәуірінде ол кісінің өз аузынан жазып алған екі парақ қағазыма осылай тосыннан тап болдым. Жалғасы »